"Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары анықталады

0
1 283

Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады.


Бүгін Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік жиын барысында «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздары анықталады. Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады. Сондай-ақ мұғалімдерге бұл күні білім беру саласындағы жоғары награда – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі табысталады.

Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ «Хабар 24» республикалық телеарнасы арқылы сағат 11:00-де көрсетіледі, - делінген ақпаратта.