​Велосипед ұрлағандар ұсталды

0
1 550

Павлодарлық полицейлер велосипед ұрлығын жасады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады.


​Велосипед ұрлағандар ұсталды

ERNUR.KZ.Павлодарлық полицейлер велосипед ұрлығын жасады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Тәртіп сақшылары Ак. Шөкин көшесіндегі үйдің жертөлелерінің бірінен ілгекті құлыпты бұзу жолымен «Техо» маркалы велосипедті ұрлап, кезекті қылмыс жасаған ұрыны қолға түсірді.

Оның көбінесе қосымша жайларда ұрлық жасағаны анықталды. Жай сызбамен әрекет еткен қарақшы құлыптарды бұзып, төрт велосипедті төмен бағамен базарда және кездейсоқ кездескен адамдарға сатқан. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.