Видеоблогер Аминка Витаминканың отбасы Мәскеуге көшті

0
2 049

"Біз отбасымызбен Мәскеуге көшеміз"- дейді Арай Малғажар


Видеоблогер Аминка Витаминканың отбасы Мәскеуге көшті

ERNUR.KZ. Танымал видеоблогер қыз Аминка Витаминканың отбасы Мәскеуге көшіп кетті, деп жазады Тengrinews.kz.

"Біз отбасымызбен Мәскеуге көшеміз, біраз уақытқа. Уақытша. Жобаларға қатысамыз, бірақ әзірше олар туралы айта алмаймын", - деді Аминка Витаминканың анасы Арай Малғажар.

Арай Малғажардың айтуынша, Амина мәскеулік мектепте оқитын болады.

2017 жылы Аминка Витаминка Мәскеуге "Привет, Андрей" телебағдарламасына, "Лучше всех!" және "Синяя птица" шоуларына қатысуға шақырту алған. Бірақ олар қыздың анасының денсаулығындағы проблемаға байланысты бас тартуға мәжбүр болыпты.

Амина мен оның сіңлілері Адия мен Аружан Instagram желісіндегі тартымды мини-роликтерінің ("вайндар") арқасында Қазнетте танымал болды. 2015 жылы тамызда алғашқы вайндар шықты, оларды Желі қолданушылары бірден ұнатты. Қазір Аминка Витаминканың YouТube-арнасында 1,9 миллион және Instagram парақшасында бір миллион жазылушысы бар.