Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты үкім шықты

0
1 105

Храпунов 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді


Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты үкім шықты

фото:Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты үкім шығарды, деп жазады Zakon.kz.

Сот Храпуновтарды бірнеше миллионнан астам қаржы жымқыру мен мемлекеттік мүлікті иемдену ісі бойынша кінәлі деп тапты.

Виктор Храпунов мемлекеттік мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол барлық мемлекеттік наградалар мен ордендерінен айырылды.

Лейла Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Храпуновтардың жазасын өтеу мерзімі нақты ұсталған сәттен бастап есептеледі.

Бұған дейін мемлекеттік прокурор Виктор Храпуновты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Лейла Храпуноваға 17 жылын колонияда өткізуді сұрады. Судья пікірталастан кейін БАҚ арқылы Храпуновтарды соңғы сөзге шақырған.