Вице-министр Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындады

0
978

Ол тергеу көрсеткен дәлелдерге қарсылық білдірмеген.


Вице-министр Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот алдында жауап берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Білім және ғылым вице-министріне қатысты қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданының № 2 сотына түскен болатын. Суханбердиеваны сот залына айдауылдар жеткізді.

Сот отырысы барысында Эльмира Суханбердиеваның кінәсін мойындап, тергеу көрсеткен дәлелдерге қарсылық білдірмегені белгілі болды. Бұл туралы прокурор айтты.

"Күдіктілер дәлелдерге наразылық танытқан жоқ", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске салайық, мұның алдында вице-министр Эльмира Суханбердиеваның қамауға алынғаны жайлы ақпарат жарияланған болатын.