WhatsApp-та жалған хабар таратқан екі адам ұсталды

0
1 336

Күдіктілердің бірі әйел адам – сатушы, екіншісі таксист екен.


WhatsApp-та жалған хабар таратқан екі адам ұсталды

ERNUR.KZ. Талдықорғанның екі тұрғыны мектеп оқушысының өлтірілгені мен бала ұрлау туралы жалған хабар таратқаны үшін ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Мамыр айының басында WhatsApp-та бала ұрлау және Талдықорған сыртындағы көпірлердің бірінде оқушы баланың мәйіті табылғаны туралы аудиохабар тараған болатын. Қолдан-қолға тез тараған ақпарат облыс орталығы мен сол маңайдағы ауылдарда дүрбелең туғызды. Тексеру жүргізген полиция ақпараттың жалған екенін анықтады.

– Талдықорғанның жанындағы көпірлер Көксу және Ескелді аудандарының аумағында орналасқан. Полицейлер ол жерлерді тексеріп, ақпаратты жоққа шығарды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция WhatsApp-тағы ондаған топтарды тексеріп, 50-ден астам адамнан сұрастыра келе екі күдіктінің ізіне түсті – жастағы ер адам мен 52 жастағы әйел адам. Олар полицияға жеткізілді.

– Ұсталған екі кісі Талдықорған тұрғындары, бірі-бірі танымайды. Әйел адам қаладағы базарлардың біріне сатушы, ер адам жеке көлігімен жолаушы таситын таксист. Екеуі де WhatsApp-тағы топтарда жалған ақпарат таратқанын мойындап отыр. Күдіктілер азаматтардан кешірім сұрады, – деп атап өтті полиция.

Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасуда. Күдіктілер іс бойынша шақырғанда келуге міндеттелді.