​Якут қызы алматылықтарға шаңқобызды 5 күнде үйретпек

0
1 250

Қазір Юлияна Алматыда 11 адамға шаңқобызда (хомус) ойнауды үйретіп жатыр.


​Якут қызы алматылықтарға шаңқобызды 5 күнде үйретпек

ERNUR.KZ. Адам музыкалық аспапта ойнауды 5 күнде үйреніп кете алады. Якут музыканты Юлияна Кривошапкина Алматыда өткізіп жатқан шеберлік сабағында шаңқобыздың ерекшелігі туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлемге әйгілі музыкант Юлия Кривошапкина Алматыға келді. Ол әр елде хомус, комуз, доромб, пармуппиль деп аталытын шаңқобыз аспабында ойнауды алматылықтарға үйретіп жатыр. Ғалымдар осы көне аспаптың тарихына келгенде әлі бір тұжырымға келе алмай жатыр. Бұл аспап қай елде шыққаны белгісіз. Бұл аспаптың түрлі халықта мыңдаған атауы бар.

Шаңқобызды жақсы меңгергендердің бірі - якуттар. Шығыс Сібір халқының ойнау техникасы ерекше. Этномузыка кештерінің жұлдызы, халықаралық байқаулардың лауреаты Юлияна Кривошапкина өзінің хомусымен жарты әлемді шарлап, Сібір музыкасын таныстырып шыққан.

Ол хомустің сүйемелдеуімен осуохай, тойук, дэгэрэнді фольклорлық мотивте ойнай алады.

Оның айтуынша, кез-келген адамға шаңқобызда ойнауды 5 күнде үйретуге болады. «Ең бастысы адамның ынтасы болса болды. Оның музыканы сезінуі қай дәрежеде? Ырғақ сезімі дамыған ба? Соны бақылап алған соң ол адамға үйрете бастау керек. Бұл ғажайып аспапты кез-келген адам тез меңгеріп кете алады. Адам күнде жаттықса, 5-10 күннен соң-ақ шаңқобызда саз ойнай алады. Кейбір адамдар үшін оған бірнеше жыл керек. Мен 7 жасыман бастап ұйрендім. Ұстазым Аяхан тобының негізін қалаушы Әлбина Дегтярева», - деді Ю.Кривошапкина.

Қазір Юлияна Алматыда 11 адамға шаңқобызда (хомус) ойнауды үйретіп жатыр. Олардың ішінде 4 адам ғана кәсіби музыкант болса, қалғандарды әуесқойлар.