​Ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады

0
1 063

Қазақстан Президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.