​Елімізде өз Диснейлендіміз болады

0
1 698

Елімізде өз Диснейлендіміз болады. Елордада еліміздің ең үлкен ойын-сауық қалашығы салынбақ, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Елімізде өз Диснейлендіміз болады

иллюстрациялық фото: wallpaperscraft.ru

Елімізде өз Диснейлендіміз болады. Елордада еліміздің ең үлкен ойын-сауық қалашығы салынбақ, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ктк.kz-ке сілтеме жасап.

Жоспар бойынша ірі ойын-сауық қалашығы 180 га. жерге салынады. Онда дельфинарий, океанариум, миниатюра мен алып фигуралар паркі де болады.

Қалашық біртіндеп бой көтереді, анығын айтқанда, құрылыс жұмысы 4 деңгей бойынша іске асырылады. Болжам бойынша, 2025 жылы «Меруерт» орталығының аймағында тұрғындар мен қала қонақтарына арнап ортағасырлық қамалдар салынады. Онымен қоса, Еуропа стандартына сай салынған теңіз қарақшыларының аралы, альпілік ауылы бар орам да бок көтереді. Қазақстандық Диснейлендте тау-шаңғы курорты да пайда болады. Бірақ алдымен, Қорғалжын тас жолының бойында балаларға арналған аттракциондар аймағы, сауда орталығы мен аквапаркі бар саябақ салынады.

Ірі ойын-сауық орталығының құрылысы осы жылдан басталады. Құрылысқа шамамен 200 млн АҚШ доллары жұмсалады.