Елімізде мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді

0
2 656

Жаңа талап бойынша біліктілікті тексеру екі кезең бойынша жүргізіледі. Соңғы кезеңде педагог қызметіне сараптама жасалады.


Елімізде мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді

Орталық Коммуникациялар алаңында айтылғандай мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа талап бойынша біліктілікті тексеру екі кезең бойынша жүргізіледі. Соңғы кезеңде педагог қызметіне сараптама жасалады. Тапсырмаларды орындауға 200 минут бөлініп отыр. Ал математика, физика, химия мен информатика мұғалімдері үшін қосымша жарты сағат тағы беріледі. Қажет болса аппеляцияға жүгінуге болады. Категория артқан сайын айлықтың 30-50 пайызына тең үстемақы беріледі. Тестілеу нәтижесі бір жылға жарамды. Ұлттық біліктілік сынағы 26 мамыр мен 5 маусым, сондай-ақ 1-10 қараша аралығында өтеді. Өтініш білдіргендер саны 60 мыңнан асады.

- Ол өз еркімен өтеді. Мұғалімдер кімде-кім осы үстеме ақы алғысы келсе, 30-50 пайызға дейін біздің азаматтар өтініштерін беріп, үстеме ақы алу үшін ұлттық біліктілік тестінен өтеді. Қазіргі жаңа жүйе бойынша енгізіліп отырған категорияларға сәйкес, бұл көрсеткіш бірнеше рет көбейді деп айта аламыз. Өйткені бұл қазіргідей, 5 мың, 8 мың, 17 мың емес, жалақының 30, 35, 40 және 50 пайызы, - дейді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.