Елордада батут аударылуынан 5 бала зардап шекті

0
1 417

Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК апаттық медицина орталығының, Орталық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтқарушылары мен «103» бригадасы жұмыс істеп жатыр.


Елордада батут аударылуынан 5 бала зардап шекті

Елордада, «Жаннұр» сауда үйі аумағындағы батут қатты желдің салдарынан аударылып қалып, 5 бала зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК апаттық медицина орталығының, Орталық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтқарушылары мен «103» бригадасы жұмыс істеп жатыр. Комитет қатты желдің болғандығын және ата-аналардың ауа райының қолайсыздығын көре тұра балаларын батутқа ойнауға жібергендігін атап өткен.


фото: www.facebook.com Астана - Что? Где? Когда?