"Ермек батыр" комиксі Америкада сұранысқа ие

0
3 818

25 жастағы суретші өзінің алғашқы еңбегін АҚШ-қа сатуға апарғанда Khan Comics баспаханасы өндеп, жаңа беттермен сапалы шығарып беруге келіскен. Алғашқы еңбегі 20 беттік болды. Қазір 1000 беттік жұмыс дайындап жатыр, соның 300 беті дайын екен.


Қазақы мәдениетті, аңыз әңгімелерді жастайынан бойына сіңірген Алматылық Мәдибек Мұсабеков Қазақ батыры туралы комикс салады. «Ермек батыр» комиксін Америкалықтар аса қызығушылықпен оқиды екен,-деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәдибек мамандығы бойынша-сәулетші. Айтуынша, ол жан-жақты музыкалық мектеп, гуманитарлы мектеп тіпті, физика-математикалық мектептерде білім алған. Сурет салуға 3-4 жасынан қызыққан балаға анасы алғаш рет «Өрмекші адам» комиксін алып берген. Осыдан кейін суретші комикстерге қызығып быраз уақыт түрлі комикстарды оқып жүріп өз біліктілігін шыңдады . 25 жастағы суретші өзінің алғашқы еңбегін АҚШ-қа сатуға апарғанда Khan Comics баспаханасы өндеп, жаңа беттермен сапалы шығарып беруге келіскен. Алғашқы еңбегі 20 беттік болды. Қазір 1000 беттік жұмыс дайындап жатыр, соның 300 беті дайын екен.

«Алғашқы еңбектерімнен табыс болды деп айта алмаймын. Себебі, барлық түскен ақша материалдар мен комикстардың жалғасын салуға кететін. Жақсы суретші әрдайым сұранысқа ие. Қазір үлкен әлемдік компаниялардын түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Өз комикстарымнан айтарлықтай қаржы табамын деу үлкен тәуекел»,-деді жас суретші.