«Ескірмейтін махаббат». Бір-біріне торт жегізіп, сүйіскен қариялар жұртты сүйсінтті (видео)

0
1 677

Желіде жұртты елжіреткен видео пайда болды. Онда егде жастағы зейнеткерлер торт кесіп, тілек айтады.


«Ескірмейтін махаббат». Бір-біріне торт жегізіп, сүйіскен қариялар жұртты сүйсінтті (видео)

Желіде жұртты елжіреткен видео пайда болды. Онда егде жастағы зейнеткерлер торт кесіп, тілек айтады. Кейуана еріне торт тілігін ұсынып, жегізеді де басынан сипалап мейірімін жеткізеді. Мұнан соң қария да жарына торттан дәм татқызып, кейіннен ернінен сүйіп алады. Бұл сәтті қос қарияның перзенттері видеоға түсіріп алған. Желіде тараған видеоны көргендер қариялардың бұл әрекетіне тәнті болып, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Қандай керемет, бақыт, денсаулық тілеймін», «Ғұмырларын Алла ұзақ етсін», «Балалары жарады. Назар аудару керек ата-анаға. Басты керегі ол. Қос қарияға ұзақ өмір тілеймін», «Қандай күшті. Сондай жасқа жете берейік Алла қаласа біз де қартаямыз», «Осылай қартаюды жазсын» деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Видео: желіден алынды