Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеуніктер назарға ілікт

0
1 454

Азаматтық қоғам өкілдері мен белсенді блогерлер қызметтік автокөліктерді пайдалануды бақылауға алып, рейд жүргізген. Нәтижесінде 15 қызметтік автокөліктің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылғаны анықталып отыр.


Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеуніктер назарға ілікт

фото: иллюстарциялық

Қызылорда облысында 15 қызметтік автокөліктің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыровтың хабарлауынша, азаматтық қоғам өкілдері мен белсенді блогерлер қызметтік автокөліктерді пайдалануды бақылауға алып, рейд жүргізген. Нәтижесінде 15 қызметтік автокөліктің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылғаны анықталып отыр.

«Нақтырақ айтқанда, қызметтік мақсатта пайдаланылуы тиіс мемлекеттік мекемелердің автокөліктері мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін сауда үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге тасыған. Осы жайттар рейдтік топтың назарына ілініп, тиісті шара қолдануы үшін ұсынымдар берілген», - дейді Бағдат Әбдіқадыров.