Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті

0
946

Іздеу жұмыстары жалғасуда.


Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті, деп жазады Алтайньюс.

6 қыркүйек күні көлге шыққан балықшылардың бірі – 41, екіншісі – 26 жаста. Жағалаудан бірнеше шақырым жерден балықшылардың бос қайығы ғана табылды. Құтқарушылар: "суға батып кетуі мүмкін" деген болжам айтады. Ал куәгерлердің сөзінше, 26 жастағы балықшы мүлдем жүзе алмайды екен

Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жақын елді мекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Зайсан көлінің үстін және маңайын тікұшақпен де шолып жүр.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.