Зайсан көліне балық аулауға кеткен екі адам 3 күннен бері табылмай жатыр

0
584

Балықшыларды іздеуге Ми-8 тікұшағы да жұмылдырылды.


Зайсан көліне балық аулауға кеткен екі адам 3 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары үш күннен бері Зайсан көліне балық аулауға барып, із-түзсіз кеткен екі балықшыны іздестіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Тарбағатай ауданында 1990 және 1981 жылы туған екі балықшы 20 қарашада балық аулауға шығып, содан бері оралмаған.

21 қараша таңертең оқиға орнына құрамында 10 адамы бар топ пен бір арнайы техника, «Пегас» қайығы аттанды.


«Одан бөлек облыстық әкімдіктің Ми-8 тікұшағы да балықшыларды іздеуге жұмылдырылды. Жергілікті полицияның дрон ұшатын аппараты мен жергілікті 50 тұрғын да осы іске атсалысып жатыр» делінген хабарламада.


Сол күні балықшылардың қайығының бензин құятын ыдысы табылды.

Кеше, яғни 22 қарашада сүңгуір мамандар арнайы құралдың көмегімен көл бетіндегі мұздың астында іздеу жұмысын жүргізді.

Кешке қарай жоғалғандардың қайығы табылды. Құтқарушылар балықшылардың қайығын мұз астынан алып шықты.

Ал бүгін сүңгуірлер су астындағы іздеу жұмысын жалғастырады.