Заңсыз байыған шенеуніктерді жазалау басталады

0
6 221

Дүние-мүлкі заңды табыстарына сай келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге қаржылай және қызметтік жаза қолданылады.


Заңсыз байыған шенеуніктерді жазалау басталады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Алик Шпекбаев Казахстанская правдаға берген берген сұхбатында жемқорлыққа қарсы күресте шешуші өзгерістерге жеткізетін жаңа антикоррупциялық шаралар туралы әңгімеледі. Бұл шаралар президент тапсырмасы бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобында қарастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ең алдымен біз заңсыз жолмен байығандар үшін жауапкершілік енгізуді ұсындық. Дүние-мүлкі заңды табыстарына сай келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге әзірге қаржылай және қызметтік жаза қолданылады. Шығындар декларациясын енгізумен бірге бұл жемқорлықтың тамырын жұлуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығындар декларациясын енгізу қажет, және оның жариялануын міндетті ету керек деген пікірлер айтылды" – деді Алик Шпекбаев.

Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен шығындарын міндетті декларациялау – табысы мен шығындары сай келмейтіндерге не істейміз деген сұрақ туындатады. Сол себепті тұрмысының деңгейі заңды табыстарымен үйлеспейтіндерге қатысты жаза қолдану жағы заңда нақты жазылуы тиіс.

"Мемлекет басшысының 24 мамырда өткен Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысында экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялағаны тегін емес. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелерге қарасты ұйымдарды қысқарту керек. Қазір олардың саны шамамен 7 мыңдай. Соның есебінен босаған ақшаны мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсауға болады. Бұл жерде заңды тұлғалардың бұқаралық құқығы институтын енгізу – өзін-өзі ақтайтын, бәсекелі ортада жекелеген мемлекеттік қызметтерді орындайтын ұйымдар қажет. Одан бәрі ұтады: халық мемлекеттік қызметті қайдан алғысы келетінін өзі таңдайды, бизнес үшін жаңа салалар ашылады, ал мемлекет іскерлік белсенділіктің артуы мен жемқорлықтың азаюы түріндегі дивиденд алады. Бұл халықаралық тәжірибе, бұл мәселеде біз "Атамекен" палатасы тарапынан толық қолдауға иеміз" – деді ол.

Жемқорлықпен күресте көлеңкелі экономиканың көлемін азайту керек, қазір оның көлемі Ішкі жалпы өнімнің шамамен 30 пайызын құрайды. Көлеңкелі экономиканы "майлайтын" нәрсе – қолма-қол ақша. Қолма-қол ақшаның айналымын заң жүзінде шектеу көзделуде.

Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіруде мәселе көп. Қазір оны 25 мың ұйым жүргізіп отырғанын ескерсек, жемқорлықты бақылау қиынға соғып отыр. Орталықтандыру көзделуде. Ірі сатып алуларды енді қаржы министрлігінің тиісті комитеті мен жергілікті әкімдіктердің өкілетті бөлімдері жүргізеді. Алайда ұсақ тендерлер кезінде жемқорлық тәуекелі сақталып отыр. Бұл жағдайдан шығу үшін бюджеттік ұйымдар мен мекеме басшылары өздеріне жатпайтын функциялардан толық босатылады. Дәрігерлер тек емдейді, мұғалім – оқытады.

Әлеуметтік саладағы көп мәселе жемқорлардан тәркіленген қаражат арқылы шешіле алар еді. Тек соңғы үш жылдың ішінде жемқорлықтан келген шығын 40 млрд теңгені құрады.

"Қазақстанда жемқорлыққа деген көзжұмбайлық болмайды. Ел билігінің нақты мақсаты бар, үздік әлемдік тәжірибелерді сіңірген жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бар" – деп қорытындылады ол.