Зейнет жасы төмендейді: Еңбек министрлігі желідегі сүйінші хабарға түсінік берді

0
4 784

Желідегі сүйінші хабарда ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61, ал әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартылған деп жазылған.


Зейнет жасы төмендейді: Еңбек министрлігі желідегі сүйінші хабарға түсінік берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстанда зейнет жасы төмендейтіндігі туралы хабарламасы бар сурет таратылуда, деп жазады zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді.
Суреттегі мәліметте ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61, ал әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартылған деп жазылған. Сонымен бірге бұл мәтін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретімен берілген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Бұл - жалған ақпарат, біз зейнет жасына қатысты қандай да бір өзгерістерді қарастырып жатқан жоқпыз, - деді министрліктегілер.