Зейнетақыны енді Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдейді

0
2 838

«Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі


Зейнетақыны енді Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдейді

көрнекілік фото

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар зейнетақыны рәсімдеу үшін енді Халыққа қызмет көрсеті орталықтарына өтінім береді, деп хабарлайды altaynews.kz.

ХҚО-да оларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Аталмыш норма 2018 жылдың 9 қазанынан бастап қолданысқа енгізіліп отыр.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты қызмет те бірге көрсетіледі. Ол үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Зейнетақы қорынан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады, – деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізілген екен.