​Зейнеткерді тонаған күдіктілер ұсталды

0
1 139

Зейнеткерге қатысты тонау жасағаны үшін 33 жасар ер адам және 19 жасар бойжеткен ұсталды.


​Зейнеткерді тонаған күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Астаналық полицейлер 82 жастағы кейуананы тонаған күдіктілерді ұстады, деп жазады Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Зейнеткерге қатысты тонау жасағаны үшін 33 жасар ер адам және 19 жасар бойжеткен ұсталды.

«Қаскөйлер қылмысты күндізгі уақытта елордалық банк филиалының бірінің қасында жасаған. Олар зейнетақы алатын күні зейнеткерлердің қатарынан құрбандарды таңдаған. Бойжеткен банк ғимаратында болған кезде шотынан ақша алып, пальтосының қалтасына салып жатқан егде жастағы әйелді байқаған. Ол өзінің құрбанының соңынан жүріп, үйлердің ауласында өзінің сыбайласымен әжейдің 170 000 теңге сомасындағы ақшасын ашық түрде тонаған», - делінген хабарламада.

Жасалған қылмыс туралы хабарлама алған кезде полицейлер бейнебақылау камерасы бойынша күдікті мен оның сыбайласын анықтаған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осындай адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Астана қаласы ПД жүгінулерін немесе 8 (7172) 71-61-51; 8-702-999-64-24 телефондарына не 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.