Зейнетақы қорындағы 220 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қаржы жеке компанияға берілді

0
1 089

Еске сала кетейік, БЖЗҚ қорындағы активтердің жекеменшік компанияға өткізілуі жөніндегі алғашқы ақпарат 2015 жылы пайда болған еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашасындағы жолдауында БЖЗҚ Ұлттық банктің бақылауынан алуды бұйырған.


Зейнетақы қорындағы 220 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қаржы жеке компанияға берілді

Зейнетақы активін шетелдік жекеменшік компанияға өткізу басталды. Бұл туралы БЖЗҚ басқармасының орынбасары Сәуле Егеубаева хабарлады, деп жазады ERNUR.kz lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ақпаратына сүйенсек, бірінші келісім ағымдағы жылдың наурыз айында жасалған.

«БЖЗҚ активтің валюталық бөлігін тікелей стратегиялық үйлестіру аясында қор активін басқару бойынша инвестициялық декларация қаралған. Қаражатты беру "Жаһандық облигациялық дамушы елдер» компания мандаты аясында жүзеге асырылды. Үстіміздегі жылдың наурызында Aviva Investors сенімді басқару компаниясына 220 млн. АҚШ доллары ақшалай аударылды. Аталған компания Aviva PLC басқаруындағы ірі топтың бір бөлігі болып табылады. Оның басқаруында шамамен 440 млрд АҚШ доллары бар» деп түсіндірді Сәуле Егеубаева.

Сонымен бірге, Біріңғай жинақтау қорының басшысы Нұрбибі Наурызбаева БЖЗҚ қорының бір бөлігінің басқарушы компанияға тапсырылуы жөнінде ақпарат жоқ екенін атап өтті.

«Оның екі немесе он компания болатыны әлі белгісіз. Бұл ақпарат Ұлттық банктің инвестициялық стратегиясына байланысты болады», - дейді ол.

Еске сала кетейік, БЖЗҚ қорындағы активтердің жекеменшік компанияға өткізілуі жөніндегі алғашқы ақпарат 2015 жылы пайда болған еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашасындағы жолдауында БЖЗҚ Ұлттық банктің бақылауынан алуды бұйырған.

2016 жылы зейнетақы қорының жекеменшік компанияға өтуі 2017 жылда іске асады делінген. Өткен жылы БЖЗҚ қазақстандықтардың өз зейнетақы қорын басқаруға рұқсат берілген. Шетелдік компания зейнетақы активтерін конкурс арқылы таңдап алуы күтілуде.