Жай түскен: Ертіс орманындағы алапат өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

0
600

Қазір орман маңында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 10 м/с болып тұр.


Жай түскен: Ертіс орманындағы алапат өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватында орман өртеніп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

«13 маусым 12:55 кезінде «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты Шалдай филиалының Галкин орман шаруашылығы аумағында орман өртеніп жатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда резерват пен «Қазавиалесоохрана» кәсіпорны қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтауға күш салып жатыр. Бұл іске жеке құрамнан 6 адам мінген МИ-2 тікұшағы, 5 өрт сөндіру машинасы, 2 трактор мен 2 жеңіл көлік жұмылдырылған. Жалпы қанша адамның қызыл жалынмен арпалысып жатқаны нақтыланып жатыр» деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, өрттің себебі - орманға түскен найзағай. Қазір сол маңда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 10 м/с болып тұр. Отты байқаған кезде ауа температурасы +34 С болатын.

«Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын 100 гектар аумақты шарпыған» дейді Сәкен Ділдахмет.