"Жақындары мен туыстары іздестірілуде": Мәскеуде жұмыс істеп жүрген қазақ қызы қаза тапты

0
616

Денесін алып кету керек. Әйтпесе қызды белгісіз адам ретінде жерлейді.


ERNUR.KZ. 14 қаңтарда адвокат Айман Умарова Instagram парақшасында Мәскеуде мигрант қазақ қызының көз жұмғаны туралы жазба жариялады, деп жазады stan.kz.

Адвокат қазір қыздың отбасы мен туыс, таныстарының іздестіріліп жатқанын жеткізді.

"Бұл мигрант қыз Мәскеуде қаза болды. Оның туыстарын ешкім таба алмай жатыр. Денесін алып кету керек. Әйтпесе қызды белгісіз адам ретінде жерлейді", - деп жазды ол.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.