Жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы қашан азайтылатыны белгілі болды

0
2 498

​Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.


Жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы қашан азайтылатыны белгілі болды

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін Ұлттық экономика министрі Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қарауына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасын ұсынды. Осы орайда ол президенттің бес әлеуметтік бастамасының екінші бағыты қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

«Негізгі орындаушы – Ұлттық экономика министрлігі. Бұл бағыт шеңберінде салық заңнамасы нормасын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр. Жалақы мөлшері төмен жұмысшылардың жеке табыс салығы мөлшерін азайту мәселесі пысықталады. Жеке табыс салығын салу тәртібі мен әкімшілендіру тетігі жоспарланып отыр. Бұдан басқа жеке табыс салығы прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігі зерделенеді», - деді Сүлейменов.

Осы орайда министр барлық жұмыстар қай уақытта аяқталатынын жеткізді.

«Іс-шаралар тамыз айында аяқталады. Жаңа тетіктерді енгізу жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аталған бастама заңды күшіне енеді», - деді ол.