Жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды

0
1 074

Жалған құжатты қолданғаны үшін 15 мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


 Жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы орта білім алу құқықтарын қорғау мақсатында Білім туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды, деп жазады oinet.kz.

Орта-арнайы білімі бар педагог қызметкерлер әртүрлі кезеңдерде лауазымдық жалақыларына үстеме алу мақсатында ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жоғары білім туралы жалған диплом берген.

«Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек мұғалімдері жалған дипломмен сабақ өткізген. Жалған құжатты қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша 15 мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Қылмыстық іске байланысты тексеріс жалғасын табуда.