Жаманшың метеориттік кратері зерттеледі

0
1 460

Қазақстанның киелі жерлер географиясына Ақтөбеден 10 нысан енді. Соның бірі - Жаманшың кратері.


Жаманшың метеориттік кратері зерттеледі

ERNUR.KZ. Жаманшың метеориттік кратерінде халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы және ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп жазады Тengrinews.kz.

Ақтөбе облысының және Ырғыз аудандық әкімдігі Жаманшыңды зерттеуге күш салмақ. Шара 7-12 қыркүйек аралығында өтеді. Экспедиция апта соңында зерттеуге шығып, ғалымдар мен өлкетанушылар, тарихшылар кратерді қорғау, геопарк құру, жаратылыстану ғылымдарының жас мамандарын оқыту, зерделеу, ғылыми-зерттеу және іс-тәжірибе алмасу орталығына айналдыру жұмыстарын жүргізеді. Экспедицияға кратер зерттеушісі, профессор Павел Флоренский, белгілі қазақстандық геолог, профессор Борис Зейлик қатысады.

Айта кетейік, Қазақстанның киелі жерлер географиясына Ақтөбеден 10 нысан енді. Соның бірі - Жаманшың кратері. Зерттеушілер Жаманшың осыдан 1 миллион жыл бұрын оңтүстік шығыстан - солтүстік батысқа қарап ұшқан ірі метеориттің жерге қиғаш (көлбеу) құлау салдарынан пайда болғандығын анықтады. Ойпаттың диаметрі 5-6 шақырым, түбі жайпақ, тереңдігі 700 метрдей. Метеориттің диаметрі 200-400 метрге дейін жетеді.