Жамбыл облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

0
2 310

ҚР ​Бас Прокурорының бұйрығымен ​Жамбыл облысы прокурорының орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды.


Жамбыл облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысы прокурорының орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды.

Ж.Құсайынов 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1993 жылы Бас прокуратураның Істерін басқару кеңсесінің инспекторынан бастап, Алматы гарнизонының әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас әскери прокуратураның Бөлім прокуроры, аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Алматы қаласы прокуратурасының Медеу, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура Департаменті Бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы болды.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Тағайындауға дейін Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры лауазымында болды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.