Жамбыл облысына шет елден ірі қара мал жеткізілуде

0
963

Биыл мал өсірушілер 4 мыңға жуық ірі қара сатып алмақ.


Жамбыл облысына шет елден ірі қара мал жеткізілуде

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Жуалы ауданына Чехиядан симментал тұқымды етті және сүтті бағыттағы 64 бас сиыр әкелінді, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл мал өсірушілер 4 мыңға жуық ірі қара сатып алмақ. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, бұл өңірдегі ет өнімділігін арттырып, экспорт әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.

2027 жылға дейін Жамбыл облысына шетелден етті бағыттағы 36 мыңға жуық ірі қара әкелу жоспарлануда.

«Ірі қараны импорттаудың бізге берері, біздің облысымыздың ірі қараларының генетикалық потенциалын көтеру болып табылады. Биылғы жылы, сол Сыбағы бағдарламасы аясында 4 мың бас шетелден алып келу жоспарланса, бүгінгі күнге 2900 бас нақты облысымызға кірді. Еттің экспорты негізінен Иран мен Өзбекстанға кетіп жатыр. Кувейт мемлекеті, ішінара Қырғызстанға»,– дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Балжан Ысқақова.