Жамбыл облысында 10 жастағы қыз бала безгектен қайтыс болды

0
1 068

Қыздың кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз


Жамбыл облысында 10 жастағы қыз бала безгектен қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз бала қырым қанды безгегінен көз жұмды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Оның кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз. Белгілісі жақында ғана Өзбекстаннан келген. Дәрігерлер науқас ауыр жағдайда ауруханаға келгенін айтты.

Күмісбек РАХИМОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мекен-жайлары жоқ және Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап күн көріп отырған адамдар. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты, аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оның көзін іздеу үшін сол аумақтың барлығынан кене жиналып, тексерілді. Оның бәрі теріс мән берді.

Мамандар жыл басталғалы бері облыс бойынша 481 адамды кене шаққанын айтт. Қауіпті қансорғыштар шаққан жамбылдықтар қатаң бақылауға алынып, тыңғылықты тексеру жүргізілген. Айта кетейік, Жамбыл жеріндегі 50-ге жуық елді-мекен қырым қанды безгегінің табиғи ошағы болып есептеледі.