Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген қылмыстық топ ұсталды

0
2 258

Олар мемлекетке 10 миллиард теңге залал келтірілген.


Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды. Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал сомасы 10 миллиард теңге, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тергеу жүргізді. Олар ҰҚТ-ға 10 адам кіргенін анықтаған. 2009-2020 жылдар аралығында олар жалған шот-фактураларды нақты орындаусыз және тауарларды Таразға жеткізусіз жазып беріп отырған. Ақша екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал сомасы - 10 миллиард теңге. Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды", - деп хабарлады комитет өкілдері.