Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді

0
317

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді ГӨЗ" ЖШС-нің Тараздағы бөлімшесі (газ өңдеу зауыты) аумағында өрт шықты.


Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді ГӨЗ" ЖШС-нің Тараздағы бөлімшесі (газ өңдеу зауыты) аумағында өрт шықты. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі цистерна жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел қызметіне шақырту сағат 12.4-те келіп түсті", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 13.05-те оқшауланып, 13.17-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, алдын ала себеп - мұнай өнімдерін айдау кезіндегі технологиялық процестің бұзылуы.