Жамбыл облысында ер адам немересімен бірге Талас өзеніне батып кетті

0
670

Ауыл адамдарының айтуынша, суға батып мерт болған азамат 61 жаста, ал немересі 7 жаста.


Жамбыл облысында ер адам немересімен бірге Талас өзеніне батып кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында суға батып кеткен қызды Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері іздестіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылы маңында ағысы күшті Талас өзенінде болған.

«23 шілде күні сағат 17:30-да куәгерлер Жасөркен ауылы маңынан өтетін Талас өзенінен ер адамның денесін судан шығарып алған. Кейін мәлім болғанындай, қарт адам немересімен бірге рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Сағат 17:50-де қызды іздеу жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 17:10-дар шамасында суға батып кеткен»,-деп хабарлады Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұңатаева.

Іздеу жұмыстары 23 шілде күні түнге дейін алғасып, іздеу жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды.

«24 шілде күні таң ата іздеу жұмыстары қайта жанданады»,-деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Ауыл адамдарының айтуынша, суға батып мерт болған азамат 61 жаста, ал немересі 7 жаста. Қыздың ата-анасы өзге елде жұмыс іздеп кеткен.