Жамбыл облысында Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл қонды

0
1 013

Тікұшақ Тараздан 150-ден астам шақырым жердегі Тасөткел ауданында қонған.


Жамбыл облысында Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл қонды

ERNUR.KZ. Кеше, 14 маусым күні Жамбыл облысында премьер-министр Асқар Мамин мен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл түрде қонды деген ақпарат пайда болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Бұл туралы журналист Денис Кривошеевтің Facebook парақшасында жазған.

Тікұшақ Тараздан 150-ден астам шақырым жердегі Тасөткел ауданында қонған. Аталған Ми-171 тікұшағының "Казавиаспас" әуе компаниясына тиесілі екені айтылды.

Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған журналист әуе кемесінің гидрожүйесі істен шыққанын атап өтті. Ұшқыштар нұсқаулықта көрсетілгендей, резервтік жүйеге көшіп, шұғыл түрде жерге қонды деп жазды Кривошеев.

Оның мәліметінше, тікұшақ бортында үкімет басшысы Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болған. Журналист оларды басқа тікұшақ алып кеткенін жеткізді.

Өз жазбасында Кривошеев аталған оқиғаны арнайы комиссия тергейтінін мәлім етті.

Айтуынша, бұл жағдайға Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі де назар аудармақ.