Жамбыл облысында Олимпиада жүлдегерінің бір үйір жылқысын ұрлап кетті

0
1 740

​Полиция 31 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, ол бұған дейін мал ұрлығы үшін екі рет сотталған. Жылқы иесіне қайтарылды.


Жамбыл облысында Олимпиада жүлдегерінің бір үйір жылқысын ұрлап кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымнан 26 жылқы ұрланды. Қаскүнемдер айдап кеткен үйір еркін күрестен чемпион, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа тиесілі болып шықты, деп жазады sputniknews.kz.

Спортшы полицияға жылқыларын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтып арызданған. Соған байланысты қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі ("мал ұрлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.





Полиция мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін мал ұрлығы үшін екі рет сотталған.

Енді оның мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жылқылар иесіне қайтарылды.

Халықаралық сайыстардың жүлдегері жамбылдық полицейлерге ұрлықтың жедел ашылғаны үшін алғыс айтып, видео жариялады.