Жамбыл облысындағы трагедия: Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

0
965

Президент қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін атап өтті


Жамбыл облысындағы трагедия: Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп жазады Sputnik.kz.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желіде.

Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.


Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.