Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 60-қа жетті

0
1 263

Олардың ішінде 11 әскери қызметші.


Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 60-қа жетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Қалалық ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің саны 60 адамға дейін көбейді, олардың ішінде 11 әскери қызметші.

"Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен 60 адам түсті, оның ішінде 11 әскери адам (сауалнама мәліметтері нақтылануда)", - делінген әкімдік хабарында.

Ал эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетіп, қарақшылыққа жол бермеудің амалын жасап жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған. Оқиғадан зардап шеккендер туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та хабарлады.