Жамбылда 36 жедел жәрдем көлігі берілді

0
1 018

Оның 29-аурухана. Амбулаториялық – емхана саны–350, басқалары– 11.


Жамбылда 36 жедел жәрдем көлігі берілді

ERNUR.KZ. Конституция күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы орталық "Достық" алаңында жедел жәрдем көліктерінің кілтін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп жазады kaz.zakon.kz.

Облыстық бюджет есебінен алынған 39 қызметтік көліктің Жамбыл және Жуалы, Шу аудандарына 3 автокөліктен, Қордай ауданына 11, Меркі және Мойынқұм мен Сарысу аудандарына 2 автокөліктен, Тұрар Рысқұлов ауданына 9, Талас ауданына 1 автокөлік берілді. Салтанатта шараға қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев өңірдегі денсаулық сақтау саласының көрсеикіштеріне тоқталып өтті.

- Жалпы облыста 390 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Оның 29-аурухана. Амбулаториялық – емхана саны–350, басқалары– 11. Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 29 нысан салынды. Бұл орайда өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғанда ол нысандардың құны айтарлықтай төмен болып, 1,4 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыс аумағындағы елді мекендерде 65 денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарын салу жоспарланған. Осылайша, өңірде 2020 жылға дейін қажетті ғимараттар салу мәселесі 100 пайыз шешіледі, - деді Еркебұлан Дауылбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарының айтуынша, "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың жеті айында облысымызға 37 жас маман келген. Жалпы, келген 37 жас маманның ішінде 9 жас маман – қалада, 28 жас маман – аудандарда еңбек етуде.

"Қалалық жедел жәрдем станциясында 2014 жылы 56 санитарлық автокөлік болса, сол жылы облыстық бюджеттен 4 көлік алынып, барлығы көлік саны 60-қа жетті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, "Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы” болып өзгертілді. Өткен жылы 253,0 млн теңгеге 27 дана автокөлік сатып алынып, тұрғындар игілігіне берілді. Мұның барлығы облыс тұрғындарының жайлы өмір сүру үшін жасалып жатқан шаралар", деді Е. Дауылбаев.