Жамбылдағы жарылыс: Әскерилер өртті өздері сөндіруге тырысқан

0
1 176

Осыған дейін Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі апат орнында болған өрт сөндірушілер әскерилердің көмектеспей кетіп қалғанын, тиісті ақпарат бермегенін айтқан еді.


Жамбылдағы жарылыс: Әскерилер өртті өздері сөндіруге тырысқан

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған дейін Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі апат орнында болған өрт сөндірушілер әскерилердің көмектеспей кетіп қалғанын, тиісті ақпарат бермегенін айтқан еді.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі түсінік берді. «Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. 2016 жылдан 2021 жылғы мамырға дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы Күштердің қатарынан запасқа шығарылды, нақты Байсақалов биыл 29 шілдеде бөлімнің тізімінен алынды. Маусымда өңірлік қолбасшылықтың комиссиясы бөлімнің штаб бастығы майор Аслан Бақытжановқа командирдің істері мен лауазымын уақытша атқаруды тапсырды. Бұл жөнінде бөлім командирінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №109 тиісті бұйрығы бар», - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде құзыретті органдар штаттық бөлім командирін тағайындау мақсатында жасалатын тексеру процедурасы мен кандидатқа арнайы рұқсат беру рәсімін жүргізіп жатыр. Сондай-ақ министрлік әскерилер апат орнында әскерилер өрт сөндірушілерге көмектескенін жеткізді.

«Өрт басталысымен әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру командасы өрт сөндіруші есептоптар келгенше тез арада оны оқшаулауға кіріскен және Жамбыл облысының ТЖД-ға хабарлаған. Кейін Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген өрт сөндірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымындағы адам оған тікелей басшылық етеді. Өрт сөндіру басшысы осы міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштерді басқаруға өкілеттілік беріледі. Ол үшін ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінде елді мекенде болған өрт кезінде қауіпті барлық объекті туралы мәліметтер болуы тиіс», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болған. Салдарынан 15 адам қаза тапты.