​Жамбылдағы жарылыс: Із-түссіз жоғалған әскериді табу үшін топырақты електен өткізіп жатыр

0
1 109

Төтенше жағдай кезінде 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев жоғалып кеткен.


​Жамбылдағы жарылыс:  Із-түссіз жоғалған әскериді табу үшін топырақты електен өткізіп жатыр

Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түссіз жоғалған әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаев табылды ма? Бұл сұраққа аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзі жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Айтуынша, сүйіншілететін хабар жоқ. Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оған Қорғаныс министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен бірге, облыс тұрғындары да атсалысуда. Тіпті оқиға болған жердегі топырақты да мамандар електен өткізіп жатыр, дейді. Ал өткен аптада "Бауыржанды көрдім" деген ақпарат шыққан болатын.

"Сөз оның бәрі. Біреу алай дейді, біреу былай дейді. Бірақ, нақты сол екенін біріншіден, ешкім айта алмайды. Екіншіден, нақты оның тірі екені де белгісіз. Бірақ, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, әрі қарай жүргізіледі де", - дейді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жойқын жарылыс болған еді. Апаттың салдарынан 17 адам қаза тапты. Төтенше жағдай кезінде 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев жоғалып кеткен. Содан бері жігітке қатысты ешқандай хабар жоқ.