Жамбылдағы жойқын жарылыстан көбінің құлағына зақым келген

0
803

​Жамбыл облысындағы жаралыстан жарақат алған 9 адам жақында ауруханадан шығатын болды. Қалған емді олар үйінде ем жалғастырады. Ал жағдайы ауыр бір өрт сөндіруші Нұр-Сұлтанға жөнелтілген.


Жамбылдағы жойқын жарылыстан көбінің құлағына зақым келген

Әскери госпитальда қазір 19 адам ем алып жатыр. Жойқын жарылыстан көбінің құлағына зақым келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін жарақат алған әскерилердің саны, хал-ахуалы айтылмай жатқан еді.

Құлағынан қатты зақым алып, есту қабілеті төмендеген жаралы жауынгер жарылыстан кейінгі жағдайды қаз-қалпында баяндап берді. Нұрболат Құрал өзге ауданнан әскери бөлімге бірнеше күн бұрын іссапармен келгенін айтады. Жолы болмаған әскери осылайша жарылыс ошағында қалып қойған. Ол дүмпуден кейін есеңгіреген біраз өрт сөндіруші мен әскерилерге көмек қолын создым дейді. Бірақ кей әріптестерін ажалдан құтқара алмағанына қатты өкінеді.

"Сөйтіп жерге жатып қарадым. Себебі айналамның бәрі қап-қараңғы болды. Қарасам жерде былай ғана ауа тазарып келе жатты. Қарасам біреулер жатыр, біреулер есін жоғалтып қойған. Олар тұрып алған кетіп барады. Естерін жоғалтып қойған", - дейді Мотоатқыштар ротасы командирінің орынбасары Нұрболат Құрал.

Оңтүстік өңірлік әскери прокуратурасының аға прокуроры Нұрбек Күшековтың де құлағына зақым келіп, омыртқасы бірнеше жерден сынған. Бес күннен бері осында ем алып жатыр. 26-сы күні кезекшілікте болған Нұрбек Күшеков апат орнына басшыларымен бірге жеткен екен. Ол келген бойда жотаға шығып, есеп беру үшін суретке түсіре бастапты. Сол кезде жойқын жарылыс болған.

"Қатты дүмпу мені алысқа лақтырып жіберді. Алғашқыда жарақатымды сезбедім. Айналаның бәрі қара түтін, дым көрінбейді. Әр Әскерилердің көбі контузия алған. Сөйлесең ештеме түсініп тұрған жоқ. Беті қан жоса біреуіне жолықтым, бетіңді тұмшала десем түсіндейді", - дейді Оңтүстік өңірлік әскери прокуратурасының аға прокуроры, Нұрбек Күшеков.

Жарылыс бірінен кейін бірі екі мәрте тағы қайталанған. Нұрбек жаралы сарбазды ертіп, жолдан тағы біреуін қосып, жарыққа қарай жылжыған. Сөйтіп дуал жағалап қауіпсіз жерге шығыпты. Әскерилер жауынгерлердің осындай ерен ерлігі жоққа шығып жатқанына қапалы. Өрт сөндірушінің әскерилер «оқиға орнынан қашып кетті» дегені намысымызға тиді дейді.

"Әскери қызметкерлер қашып кетті деген қауесет өтірік. Оған дәлел ретінде біздің де әскери қызмектерлердің қаза болуын айтуға болады. Үшеуі келісім шарт негізіндегі әскери қызметкер, біреуі офицер, біреуі әскериленген күзет қызмкеткері. Және тағы бір әскери жауынгер жоғалғандар тізімінде", - дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Ораз Күшіков.

Ораз Күшіков, апат болған уақытта әскери бөлімен 42 сарбаздың қауіпсіз жерге шығарылғанын айтады. Бұл жас жауынгерлер Тұрар Рысқұлов ауданындағы әскери бөлімнен келгендер. Сол сарбаздардың жүгіріп шығуын көпшілік қате түсінген дейді. Ал оқыс оқиғадан зардап шеккен жауынгерлер аз емес екен.

"31 әскери қызметкер түрлі дене жарақатын алған. 29 әлі ем алып жатыр. Оның 19 әскери госпитальда, қалғандары қалалық ауруханада емделуде", - дейді Ораз Күшіков.

Ел арасында Арыс қаласындағы әскери бөлімнен жеткізілген оқ-дәрілер жарылды деген қауесет тараған. Бірақ Ораз Күшіков бұл деректі де жоққа шығарды. Оның сөзінше, жарылған 1970 жылдардан бері қоймада сақталған тротилдер екен.

Еске салсақ, Байзақ ауданындағы әскери қоймада 6 күн бұрын жарылыс болып, 15 адам опат болды.