​Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығыстың алдын алды

0
389

30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған.


​Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығыстың алдын алды

Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 қыркүйекте Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған.

Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері келді. Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды.