Жаңа «бидайкойн» криптовалютасы пайда болады

0
1 064

Жаңа ақшаны келер жылы қолданысқа енгізу жоспарланып отыр


Жаңа «бидайкойн» криптовалютасы пайда болады

ERNUR.KZ. Агросалада криптовалюта пайда болады. Ол «бидайкойн» деп аталмақ, деп жазады 24.kz.

Жаңа ақшаны келер жылы қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Электронды қаржы арқылы шаруалар астықты саудалай алады. Тіпті «бидайкойнды» банктерге салып, дәнді-дақыл мен жаңа техникаға 30 пайыз қаражат алуларына мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ алдағы уақытта жайылымдық жерлер сандық технологияға негізделмек.

Қайрат Сұлтанбеков, Ақпараттық тіркеу орталығының бас маманы: - Электронды жайылымдар арқылы шаруалар тыңайтқыш дәрілер мен жанармай үшін өтінім береді. Цифрландыру бойынша алқаптардың қаншалықты тиімді игеріліп жатқаны анықталады. Сандық технологияға өткен шаруаларға тиісінше көмек те көп болады. Жаңа техникалар алуға жеңілдіктер жасалады.