Жаңа министр студенттер мен оқушыларға жұмыс істеу мүмкіндігін бермек

0
2 285

​Бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова таныстырды, деп хабарлайды baq.kz


Жаңа министр студенттер мен оқушыларға жұмыс істеу мүмкіндігін бермек

Бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова таныстырды, деп хабарлайды baq.kz

Заң жобасында 3 Кодекске және 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

«Бірінші, халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін құралдарды жетілдіру көзделеді. Жұмыспен қамтуға жүгіну рәсімдері жеңілдетіледі. Жұмыс іздеушілер электронды үкімет веб-порталында ғана емес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгіне алады. Жұмысқа орналасу рәсімін тездету үшін жұмыссыз азамат жұмысқа келісетіні не келіспейтіні туралы мәліметті үш жұмыс күні ішінде ұялы телефонмен немесе электронды түрде хабарлай алады», - деді министр.

Екінші өзгеріс ол мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында құрылатын бос жұмыс орындарына мониторинг жүргізу құзыреті орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілу көзделіп отыр. Сондай-ақ министрліктің құзыреті бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсыну және оған мониторинг жүргізу қағидасын бекітумен толықтырылады.

«Үшіншіден, студенттер мен жоғары сынып оқушылары жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұған Еңбек кодексінде шектеу жоқ. Төртіншіден, жұмыс берушілерді артық есептілік пен құжат тапсырудан босату мақсатында кәсіптік және қайта даярлықтан, өндірістік оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлімет беру міндеті, сәйкесінше осы заң нормасын орындамағаны үшін жұмыс берушілердің жауаптылығы алынып тасталды», - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасында жұмыспен қамту орталықтарын рефомалау және барлық бос жұмыс орны мен барлық елдімекен бойынша бірыңғай онлайн алаң құру көзделген.

«Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құрайтын электронды еңбек биржасы интернет-ресурсын құру көзделуде. Бұл жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңға тоғыстыратын алаң болмақ. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту саласында аутсорсинг ұғымы енгізілуде. Бұл дегеніміз – жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жеке агенттіктерге беру кешені», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сондай-ақ, заң жобасы бойынша министрлік құзыретіне келесі функцияларды жүзеге асыру беріледі.

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін, халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесін әзірлеп, оны бекіту көзделеді. Аутсорсингке қатысатын жеке агенттіктерге біліктілік талаптары әзірленіп бекітілетін болады. Аутсорсинг министрлік анықтаған тәртіпте жүргізіледі», - деді ол.

Үшінші бағыт бойынша Президент жарлығына сәйкес көші-қон саласындағы функцияларады бөлу қарастырылады. Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары Ұлттық экономика министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.