Жаңа оқу жылы: Сабақтың ұзақтығы белгілі болды

0
688

Баланың ата-анасы коронавируспен ауырып қалған жағдайда және науқаспен байланыста болған балалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.


Жаңа оқу жылы: Сабақтың ұзақтығы белгілі болды

ERNUR.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындық барысы туралы айтып берді, деп жазады baq.kz.

Айта кетейік, баланың ата-анасы коронавируспен ауырып қалған жағдайда және науқаспен байланыста болған балалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

2021-2022 оқу жылының басталу ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында жекеменшік нысаны немесе ведомстволық бағынысына қарамастан орта білім беру ұйымдарында Білім министрінің бұйрығына сәйкес бекітілді, - деді Білім басқармасының басшысы.

Оның сөзінше, 2-11 сыныптарда сабақтың ұзақтығы 45 минут, 1-сыныптарда оқу сабақтарының режимі қыркүйекте күніне 35 минуттан 3 сабақ, қазан айынан бастап 45 минуттан өткізіледі. 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.

Жаңа оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын меңгеру. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда 2021-2022 оқу жылындағы жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік қосымша басшылыққа алынады, - деп айтты ол.

Жазғы мектеп жұмыстары жыл сайын жалғасып отырады.