Жаңа тренд: Жүкті келіншектер суретке жалаңаш түсе бастады (видео)

0
4 111

Мұны соңғы тренд деп білген жандар жұрттан "сүйінші" сұраған фотосессия барысын желілерге жариялауды да ұмытпайды.


Жаңа тренд: Жүкті келіншектер суретке жалаңаш түсе бастады (видео)

Қазіргі кезде жүкті келіншектер қарнын ашып фотосессия жасауды сәнге айналдырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұрын жас келін жүкті болғанда, бұл жаңалықты елден жасырып, тіпті ата-енесіне айтудан ұялатын. Бұл бір жағынан ішке біткен баланың аман-есен дүниеге келіп, келіншектің осы кезеңді оңай өткеруіне септік етеді дейтін үлкендер. Ал соңғы кездері елімізде аяғы ауыр әйелдер ішін жалаңаштап суретке түсуді әдетке айналдыра бастады. Мұны соңғы тренд деп білген жандар жұрттан "сүйінші" сұраған фотосессия барысын желілерге жариялауды да ұмытпайды.

Иә бұл бірнеше жыл бұрын ғана пайда болған жаңа тренд. Жаңашылдықтың соңынан ереміз деп талай жүкті келіншек қарнын ашып фотосессия жасап әлек. Сәннен қалыспағандардың бірі Балнұр Қуантай.

«Біріншіден, мен ол жерде жалаңаш түскен жоқпын, ішім ашық болғаны болмаса, былай көз тиеді деген заттан біз өзіміз қорқамыз. Мен соңына дейін көрсеткен жоқпын, баланы босанып, адам болып кішкене, өзімізге келгеннен кейін ғана барып, инстаграмға салып, достарыммен жақын адамдармен бөлісіп, елге жарияладық», дейді визажист Балнұр Қуантай.

Десе де жастардың бұл әрекетін үй үлкендері жақтай қоймаған.

«Мама ренжіп қалды. Біраз уақыт сөйлескенде жоқпыз. Сол суретті көріп, фотоссеися жасаған соң суретт жіберген болатынмын мамама, мама маған ренжіп ұрсып, ұрсып, осы сендер қандай қызсыздар деп ұрсып, біраз уақыт менімен сөйлеспей қойған. Сосын барып кішкене түсініп мені, кешірді, ұнады», дейді Балнұр Қуантай.

Иә үлкендер үшін таңсық болуы мүмкін. Бірақ арулар үшін естен кетпес естелік. Мәселен, Жансая осыған дейін 60-қа жуық жүкті келіншекке фотосессия жасаған.
«Бұл 2018 жылдан бері Бейонсе бастағаннан әлемдік тренд болып кетті. Жүкті әйелдер осындай вок стильда дейді ғой сондай матамен или боди сондай стильда фотосессия жасағанды ұнатады», дейді фотограф, Жансая Қанайқұлова.
Дегенмен қоғам белсендісі құрсағын жалаңаштап жұрттың көзінен жасқанбайтын жастарға ренішін білдірді. Тренд деп жүріп менталитетімізден айырылып барамыз деген пайымда.
«Аяғы ауыр келіншектің қарнын ашып суретке түсуі деген, бұл енді тіптен мәдениеттің төмендігенінің бір түрі шығар. Ол бір жай үрлеп қойған қарын емес, оның ішінде ұрпақ бар ғой. Бала бар. Ол баланың келешегі бар. Ол өзін ойламаса да, баланың келешегін ойлау керек қой. Сол жалаңаш түскен сурет баланың өмірлік келешегіне балта кесуі де мүмкін», дейді қоғам белсендісі, Қарлығаш Бекпатша.
Иә, бұрындары жүкті екенін жариялап фотоға түспек түгілі аналарымыз 9 ай бойы құрсағын бөтен көзден жасырып ұстаған еді. Ал қазір заман да көзқарас та өзгерген. Кез келген жаңашылдықтың жақсы жағын ғана қабылдаған жөн дейді мамандар.