Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге 6 млн теңгеден сыйақы беріледі

0
610

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге 6 млн теңгеден сыйақы беріледі

ERNUR.KZ. 2022 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп жазады exk.kz.

Еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 ұстазы осындай марапатқа ие болып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа "2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.
"Конкурсқа еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Комиссия мүшелері бірнеше талап бойынша олардың біліктілігін бағалады", - деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.