Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады

0
1 842

30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.


Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда, деп жазады 24.kz.

Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты. Алайда 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі.

Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда. Вагондар мына бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:

1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;

2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;

3) Павлодар – Пресногорьковская;

4) Қызылорда – Семей;

5) Ақтөбе – Атырау.