Жаңа жылда 4 күн демаламыз

0
1 771

Жаңа жыл мейрамында қазақстандықтар қаңтардың 1-нен 4-не дейін демалатын болады.


Жаңа жылда 4 күн демаламыз

ERNUR.KZ. Үкімет 2020 жылдағы демалыс күндерін ауыстыру кестесін бекітті, деп жазады Алтайньюс.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кестеге сай, 2020 жылдың 5 қаңтарын, яғни жексенбі күнді 3 қаңтар жұма күнге ауыстырылып отыр.

Сонда Жаңа жыл мейрамында қазақстандықтар 4 күн демалатын болады, яғни қаңтардың 1-нен 4-не дейін.