Жаңа жылдық жеміс: Мандарин Қазақстанға қайдан келеді?

0
3 147

Мандариннің жартысынан көбі елге Пәкістаннан әкелінген.


Жаңа жылдық жеміс: Мандарин Қазақстанға қайдан келеді?

ERNUR.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан 12,4 млн долларға 21,7 мың тонна мандарин импорттады, деп жазады aikyn.kz.

Мандариннің жартысынан көбі елге Пәкістаннан әкелінген. 10 ай ішінде 12,6 мың тонна импортталып, тауар құны 6,3 млн долларды құраған. Әдетте, бұл елде хош иіске ие орташа мандариндер өсіріледі. Сонымен қатар, бағасы да салыстырмалы түрде арзан.

Мандариндердің отаны – Қытай, айтпақшы, ҚХР осы жемістің ең ірі өндірушісі де саналады. Қытай Қазақстанға цитрустық жемістердің 8,1 мың тоннасын сатқан. Бағасы 5,6 миллион долларды құрайды.

Түркияның мандарині аздап қышқыл және сүйегі көп болады. Мүмкін содан болар, Түркиядан бар-жоғы 690,7 тоннадай (356,5 мың доллар) өнім келген. Мароккалық мандариндер кішірек, көбінесе тәтті және қабығы тығыз. Қазақстандықтарға ерекше ұнайтыны да осы түрі. Мароккадан 60,1 мың долларға 115,6 тонна цитрус жемісі жеткізіліпті.

Сондай-ақ, мандариннің үлкен көлемі Иран, Испания, Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы және Грециядан әкелінген.