Жаңақорған ауданында құм арасынан 2 есірткі алқабы табылды

0
708

Оқиға орнында үш азамат ұсталды.


Жаңақорған ауданында құм арасынан 2 есірткі алқабы табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құм арасынан екі есірткі алқабы табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы Полиция департаменті жəне Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Оның барысында ауданға қарасты Келінтөбе ауылының күн батыс жағындағы құм арасынан екі есірткі алқабы табылды.

Есірткі егушілер елдің көзінен таса жердегі «Қара ой» деген алқапты таңдаған. Онда 20 сотық алқап арнайы дайындалған. Полицейлер осы жерден ерекше исі бар жасыл түсті 5032 түп шөпті тəркіледі.


«Оқиға орнында үш азамат ұсталды. Олардың біреуі – Алматы қаласының, екеуі Қызылорда облысының тұрғындары. Күдіктілер Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3- тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнəрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру жағдайы көрсетілген», - деп мəлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.